Балаларға да вакцина салынуы мүмкін
Балаларға да вакцина салынуы мүмкін
149
оқылды

Медицина ғылымдарының докторы Сағира Әбдірахманова коронавирусқа қарсы вакцинаны бүкіл әлемде балаларға 12 жастан бастап салдыру қажеттілігі туралы айтылып жатқанын атап өтті. Тіпті, Израиль жас шектеуін 4 жасқа дейін қысқартыпты.

«Бүгінде әлемде 13-тен астам вакцина тіркелген. Ал ең танымалы – Pfizer. Ол бүкіл әлемде қолда­ны­лады. Бұрын 12 жастан бастап ба­лаларға вакцина салдыра бастаған Израиль үкіметі шамамен үш апта бұрын тәуекел тобын вакциналауды 4 жастан бастау қажет деген қаулы шығарды. Ал біздің Денсаулық сақ­тау министрлігі Pfizer компа­ния­сымен біздің балаларды төр­тінші тоқсанда вакциналау туралы келісімге қол қойды. Дәл осындай жағдай АҚШ-та да бар, сол сияқты Қытай да балаларын вакциналауға дайын, негізі олар келесі жылға жос­парлаған болатын, бірақ вак­цина салдыру жұмыстары баста­лып кетті. Франция 12 жастан бас­тап балаларға екпе салдыра бас­тайды. Сондықтан бүкіл әлем балалар қауымына вакцина сал­дыруға көшіп жатыр», – деді Сағира Әбдірахманова. Қазақстанның жетекші ин­фекционисі, профессор Динагүл Баешева балалардың кем деген­де 80%-ын вакциналау қажет екенін атап өтті. Оның үстіне, про­фессор екпе салдыру ерікті түрде жүзеге асырылатынын айтты.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИ