Медицина ғылымдарының докторы Сағира Әбдірахманова коронавирусқа қарсы вакцинаны бүкіл әлемде балаларға 12 жастан бастап салдыру қажеттілігі туралы айтылып жатқанын атап өтті. Тіпті, Израиль жас шектеуін 4 жасқа дейін қысқартыпты.
«Бүгінде әлемде 13-тен астам вакцина тіркелген. Ал ең танымалы – Pfizer. Ол бүкіл әлемде қолданылады. Бұрын 12 жастан бастап балаларға вакцина салдыра бастаған Израиль үкіметі шамамен үш апта бұрын тәуекел тобын вакциналауды 4 жастан бастау қажет деген қаулы шығарды. Ал біздің Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен біздің балаларды төртінші тоқсанда вакциналау туралы келісімге қол қойды. Дәл осындай жағдай АҚШ-та да бар, сол сияқты Қытай да балаларын вакциналауға дайын, негізі олар келесі жылға жоспарлаған болатын, бірақ вакцина салдыру жұмыстары басталып кетті. Франция 12 жастан бастап балаларға екпе салдыра бастайды. Сондықтан бүкіл әлем балалар қауымына вакцина салдыруға көшіп жатыр», – деді Сағира Әбдірахманова. Қазақстанның жетекші инфекционисі, профессор Динагүл Баешева балалардың кем дегенде 80%-ын вакциналау қажет екенін атап өтті. Оның үстіне, профессор екпе салдыру ерікті түрде жүзеге асырылатынын айтты.Нұрлан ОРАЗҒАЛИ