Қазақстандықтар 7 млн теңгесін қайтарып алған
Қазақстандықтар 7 млн теңгесін қайтарып алған
103
оқылды

Тұтынушылардың құқық­тарын қорғау комитеті елдегі интернет дүкендердің қа­зақстандықтарға 7 млн тең­геге жуық ақшасын қайтарып бергенін мәлімдеді.

Ақпарат бойынша, 2021 жыл­дың алғашқы жартыжыл­дығында интернет дүкендердің қызметіне 573 отандасымыз шағымданған. Аталған шағым негізінде тұтыну­шыларға шамамен 7 млн теңге қай­тарылған. Ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 адам шағымданған екен. Ол кезде қайтарылған ақшаның көлемі  – 1,4 млн теңге. Тұтынушылар комитетке тауар­ды айырбастаудан немесе қайтару­дан бас тарту (175 өтініш), сапасыз тауар ұсыну (118 өтініш), өзге мә­селелер бойынша (280 өтініш) арыз жазған. Осылайша, жыл басынан бері 8 мыңға жуық шағым түскен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 144% көп. Осыған орай тұтынушы құқықтарын қор­ғау саласындағы проблемалар жаңа заңнамалық өзгерістер енгі­зуді талап етеді. 2021 жылы ко­митет заңға түзетулердің 2-пакетін әзір­леуге кіріскен еді.

А.АЙДАРҚЫЗЫ