Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті елдегі интернет дүкендердің қазақстандықтарға 7 млн теңгеге жуық ақшасын қайтарып бергенін мәлімдеді.
Ақпарат бойынша, 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында интернет дүкендердің қызметіне 573 отандасымыз шағымданған. Аталған шағым негізінде тұтынушыларға шамамен 7 млн теңге қайтарылған. Ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 адам шағымданған екен. Ол кезде қайтарылған ақшаның көлемі – 1,4 млн теңге. Тұтынушылар комитетке тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту (175 өтініш), сапасыз тауар ұсыну (118 өтініш), өзге мәселелер бойынша (280 өтініш) арыз жазған. Осылайша, жыл басынан бері 8 мыңға жуық шағым түскен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 144% көп. Осыған орай тұтынушы құқықтарын қорғау саласындағы проблемалар жаңа заңнамалық өзгерістер енгізуді талап етеді. 2021 жылы комитет заңға түзетулердің 2-пакетін әзірлеуге кіріскен еді.А.АЙДАРҚЫЗЫ