Құрғақшылыққа дайын емес
Құрғақшылыққа дайын емес

Президент жанындағы ор­талық коммуникациялар қыз­метінің алаңында өткен бас­пасөз конференциясында Ауыл шаруашылығы минис­трі­­нің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев биылғы құрғақшылыққа дайын болма­ғандарын мәлімдеді.

Ғалымдардың деректері бо­йынша, елімізде жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндіріледі екен. Сонымен қатар жемшөптің осы көлемінің шамамен 70%-ы негізінен табиғи шабындықтарда және шабындық деп аталатын жайылымдарда жиналады. Ал олардың өнімділігі толығымен ауа райына байланысты. «Мал шаруашылығын тиісті азық-түлік қорынсыз дамыту – үлкен тәуекелге барумен бірдей. Сондықтан да құрғақшылық сал­дарын жою және залалды азайту бойынша шараларды қабылдау қажет. Қазіргі құрғақшылық се­кілді табиғи апаттардың орын алу ықти­малдылығы анық еді. Сон­дықтан мұндай сценарийлерге алдын ала дайындалу қажет еді. Өкінішке қарай, біз биыл құрғақ­шылыққа дайын болмағанымызды көріп отырмыз, – деді Ербол Қарашөкеев. Ауыспалы егістегі жемшөп дақылдарының үлесі 15% дең­гейінде қалып отыр. Бұл ғылыми-зерттеулер ұсынған көрсеткіштен 2 есе төмен. Жемшөп дақылдары­мен небәрі 3,2 млн гектар ғана қам­­тылған.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИ