ФИФА рейтингінде 124-орындамыз
ФИФА рейтингінде 124-орындамыз
101
оқылды

Халықаралық футбол қа­уым­дастығы федерациясы (ФИФА)   ұлттық құрамалар­дың жаңартылған рейтингін жариялады.

Аталған рейтингте 1 822 ұпай­­мен Бельгия құрамасы көш бастап тұр. Бразилиялықтар екінші орын алса, үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеді. Ал Қазақстан құрамасы 1 144 ұпаймен 124-орынға тұрақтады. Мұның алдындағы рейтингте де құрамамызға осы орын берілген-ді.  Айта кетерлігі, футболдан Ресей 41-орында, Өзбекстан құрамасы 83-орында, Қырғыз Республикасы 101-орында тұр. Тәжікстан футболшылары да бізден 8 орынға жоғары орналас­қан. Еске салсақ, Талғат Байсу­финов жаттықтыратын ұлттық құрама 4 маусымда Солтүстік Македониядан 4:0 есебімен жеңіліп қалған еді.  

              Айбике ЖАНАСЫЛ