Шаған бойындағы шу
Шаған бойындағы шу
201
оқылды

Орал қаласы Самал-3 шағынауданындағы «Мичурин» бау-бақша қоғамының тұрғындары «ӨЖК Серик» ЖШС-нің Ша­ған өзені бойында құрылыс жүргізіп жатқанына наразы. Тұр­ғындардың арыз-шағымына байланысты «Nur Otan» пар­тиясы облыстық филиал жанындағы партиялық бақылау ко­миссиясының және қоғамдық экологиялық кеңестің бір­лескен отырысы өтті.

Аталмыш отырыста «Ми­чу­рин» бау-бақша қоғамы тұрғын­да­рының арызы қаралды. Тұр­ғын­дар Орал қаласы Самал-3 ша­ғынауданындағы Шаған өзе­ні­нің бойындағы құрылыс ны­са­нын жүргізу жұмыстары нәти­же­сінде өзен жағасындағы ағаш­тар­дың кесілгенін айтты. Олар жерді тегіс­теу жұмыстары салдарынан өзен арнасы жіңішкеріп, табиғи экожүйеге зақым келтірілді деп есептейді. Сонымен қатар Шаған өзені ортақ пайдаланылатын объек­тіге жатқанымен, құрылыс учас­кесінде өзен суын пай­да­лану­ға инвестор тыйым салып отыр­ғанын да тілге тиек етті. – Самал-3 шағынауданын­да­ғы саяжай тұрғылықты мекенжай болып саналады. 2019 жылдан бері өзен бойында ойын-сауық ай­мағы пайда болды. Көпшілікке ар­налған көңіл көтеру орнында аттракцион бар. Жағажайда му­зыка дыбысы қатты естіледі. Осы құ­рылыс нысанын салмастан бұрын инвестор тұрғындармен еш­қандай келісім жасаған жоқ. «ӨЖК Серик» ЖШС Шаған өзе­ні қасына бөгет тұрғызды. Сал­дары­нан өзен арнасы кебе бас­тады. Орман ағаштарының біраз бөлігін кесіп, сол жерді тегістеп тас­тады. Қазір ол жерде аң-құс азайып кетті. Біз талап ете бас­таған­нан кейін ғана су жіберетін қақпаны ашып, өзен арнасын сәл толтырып қойды, – деген Лариса Румянцева комиссия мүшелеріне фотоайғақтарды көрсетті. Шағым айтушылар құрылыс жүр­гізілген аумақ ауыл шаруа­шы­­лығы мақсатында пайда­ла­ны­ла­тын жер екенін баса айтты. «Мичурин» бау-бақша қоғамы бір­неше жыл бұрын осы учаскені игеру жөнінде ұсыныс айтқа­ны­мен, қала әкімдігі бұл жерді пай­да­лануға мораторий жарияланға­нын, шектеу мерзімі аяқталуын күтуді ұсынған. Бірақ Шаған өзе­­­ні бойындағы аумақ инвестор қо­лына өткен. AQJAIYQ әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік кор­пора­ция­сы АҚ шешімімен 2020 жылы «ӨЖК Серик» ЖШС «Самал ша­ғынауданында жағалау бекіту жә­не су жинау құрылысын жүр­гізу және жағжай салу» инвес­ти­циялық жобасы қолдау тапқан. Ал мичуриндіктер құрылыс ны­са­нына қатысты мемлекеттік эко­логиялық сараптама жүргі­зіл­мегенін жазған. Шаған «ӨЖК Серик» ЖШС-нің бас ди­ректоры Серік Мерғалиев қа­зір құрылыс нысанының 82 пайыз­ға жуығы жүргізілгенін тіл­ге тиек етті. Ол құзырлы меке­ме­лер келісім беретін құжаттың тү­гел жиналуын күтпей, құры­лыс­ты бастап кеткенін мойын­дады. Өз кезегінде партиялық бақылау комиссиясы отырысына қатысушылар инвесторға құры­лыс заңдылығына қатысты бір­қа­тар сауал қойып, жауап алды. Атырау қаласынан отырысқа онлайн қатысқан Жайық-Кас­пий бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Бейбіт Қадимов экожүйеге нұқсан кел­тірмеу мақсатында нақты қандай талапты орындағанын сұрады. Өңірлік қоғамдық экологиялық кеңестің төрағасы Дархан Сариев инвестор мен тұрғындарды әуре-сарсаңға салған жобаға рұқсат берген қала әкімдігі мен жер­гі­лік­ті атқарушы құрылымдардың бұл іске салғырт қарағанын сынға алды. «Nur Otan» партиясы Батыс Қа­зақстан облыстық филиалы жа­­нындағы бақылау комис­сия­сы­ның төрағасы Нұрғиса Қама­шев барлық тараптың уәжін тың­дап шықты. Жиын барысында Орал қа­ласы әкімінің орынбасары Асхат Құлбаев, Орал қаласы жер қаты­настары бөлімі, AQJAIYQ әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік корпора­циясы АҚ басқармасы, БҚО Эко­логия департаменті, БҚО Мем­лекеттік сәулет-құрылыс ба­қылау басқармасы, БҚО про­куратура өкілдері, Мичурин» бау-бақша қоғамының өкілдері осы мәселеге қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Алдағы уақытта даулы жер учаскесіне қатысты сот отырысы өтеді. «Ми­чурин» бау-бақша қоға­мы­ның заңгері Виталий Кленин ин­вестордың тұрғындар тала­бына құлақ аспағанын, сот ал­дын­дағы бітім жасауға келіс­пе­генін жеткізді. Даулы мәселе ушық­пас үшін жергілікті атқару­шы құрылымдар үнсіз қалмас үшін партиялық бақылау ко­мис­сиясы инвестициялық жобаны мақұлдаған құрылымдардан жазбаша жауап алып, тарап­тар­дың олқылықты қайта болдыр­мауын қадағалайтын болды.

Әбілмансұр ЖАСАН