Жұма күні еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің болжауынша, 13 тамызда еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, күн райы ашық, тек солтүстік-шығыста, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ағындарға байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, шығыс және оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде және батысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейіп, екпіні 23 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 17-22 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғуы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.