Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Салқын атлантикалық ауқымды антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжиды және енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Оңтүстікте термометр күндіз 22...30 градус, оңтүстік-шығыста 17...25 градус, шығыста 15...25 градусқа дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтар аздап жылынады деп күтілуде. Мұнда температура 23...28 градусқа дейін көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысына ғана Иран аудандарынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары жауын-шашынсыз ауа-райына ықпал етеді және ауа температурасы 32...40 градус аралығында болады", - делінген хабарламада.