Батыс Қазақстан облысында 64 тоннаға жуық шөп жанып кетті
Батыс Қазақстан облысында 64 тоннаға жуық шөп жанып кетті
©http://ernur.kz/
173
оқылды

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсуат ауылында 9 ауладан өрт шықты. Салдарынан қора-қопсы мен 64 тонна шөп жанып кетті.

Өрт тек 8 сағаттан соң сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Сонымен қатар Орал қаласының іргесінде 120 гектар алқап отқа оранды. Төтенше жағдайлар департаментінен арнайы штаб құрылып, өртті сөндіруге 104 адам мен 15 техника жұмылдырылды. Бұған қоса, орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан қосымша күш тартылған. Күні бойы үздіксіз жедел әрекет натижесінде қызыл жалын толық өшірілді. Қазір оқыс оқиғалардың шығу себебі анықталып жатыр.