Ақтаудағы көшелердің бірінде 12 жастағы бала қайтыс болды
Ақтаудағы көшелердің бірінде 12 жастағы бала қайтыс болды
©https://newsroom.kz/
164
оқылды

Ақтаудағы көшелердің бірінде бала қайтыс болды. Болжам бойынша жүрегі тоқтап қалған.

Бұған дейін Ақтау қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде куәгерлер 3-ықшамауданда ес-түссіз жатқан 12 жастағы баланы тауып алғаны туралы жазған.

"Үшінші ықшамауданда бала қайтыс болды. Біз жедел жәрдем көлігін 40 минут күттік. Кейін олар ата-анасы келмейінше, біз ештеңе істемейміз деді. Ата-анасын қайдан іздейміз? Баланы өтіп бара жатқан адамдар тауып алса. Жедел жәрде, шақырды. Олар болса, көмектеспеді", - деп жазды тұрғын.

Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Ширшикбаев дәрігерлер келген кезде баланың жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Соған қарамастан фельдшер баланы жарты сағаттай тірілтуге тырысқанын да жеткізді. "Топ шақырту алғаннан кейін оқиға орнына 9 минуттан кейін келді. Бала тексерілді, бірақ жүрек толық тоқтап қалған. Осыған қарамастан, фельдшерлер 30 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Өкінішке қарай, бұл нәтиже бермеді. Баланы көшеде өтіп бара жатқан адамдар тауып алған", - деді Айралбек Ширшикбаев. "Лада" басылымы баланың өліміне қатысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінен ақпарат күтіп отыр.