Әйел 52 жылдан кейін ұлымен кездесті
Әйел 52 жылдан кейін ұлымен кездесті
©sxodim.com
116
оқылды

Оқиға Ұлыбританияда болған. Лондонда тұратын Линн Оукс есімді әйел босанған соң баласын тастап кетуге мәжбүр болған.  Ол кезде нәрестенің туғанына 10-ақ күн толған.

Ол кезде Линн бар-жоғы 14 жаста еді. Сондықтан ата-анасының қыспағынан кейін осындай қадамға барған. Бірақ сол уақытта сәбидің есімін Юджин деп қойған. "Он күн ғана бірге болсақ та, мен оны жақсы көрдім, ән айтып, онымен сөйлестім. Екеумізді ажыратқан кезде жылағаным есімде. Оны жақсы көретінімді айтып, кешірім сұрадым. Күндердің бір күнінде оны табатынымды айттым", - дейді Линн. Кейіннен ол тұрмысқа шыққан, алайда сәби сүймеді. Long Lost Family бағдарламасы ұжымы сол баланы тауып, 52 жылдан кейін анасымен кездестірді. Қазір оның есімі - Майкл. Ол анасымен кездескенінде  оған ренжімейтінін айтты. Қазір Майклдың қызы мен немересі бар. Олар да әжесін көргісі келеді екен. Енді ол анасының жанында болып, өткен уақыттың орнын толтырғысы келеді.