Қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов жайлы деректі жоба жарық көрді
Қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов жайлы деректі жоба жарық көрді

Танымал режиссер, сценарист, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов жайлы деректі жоба жарық көрді. Бұл туралы Almaty телеарнасы хабарлады.

Кино және әдебиет саласында өзіндік суреткерлік әлемін қалыптастырып, қоғам бейнесін, заманның жаңарған келбетін өнер тілімен жеткізген халық мұрасының жанашыры, дарынды тұлға ғұмырын киноға арнап, өзінен кейінгі ұрпақты сауаттылыққа жетеледі. Әр туындысын баласындай көріп, халықтың тыныс-тіршілігін экран арқылы жеткізе білді. Өткен заманның бүлкілдеген тамырына дөп түсті. Сатыбалды Нарымбетовтың Мұстафа Шоқай, Кенесары хан туралы жазған диссертациясы үшін қуғындалып, түрмеге түскен тарихшы Ермұхан Бекмаханов жайындағы «Аманат» фильмі де көрермен ықыласына бөленді. Бұдан өзге, ол – «Созақтан шыққан Гамлет», «Балалық шағымның Дон Кихоты», «Ауылдан келген күйеу», «Ас-салаумағалейкум, Атлантида», «Айғай» фильмдерінің авторы. Көбінің сценарийін өзі жазып,  кино өнеріне бүкіл саналы ғұмырын арнады. https://youtu.be/dcL3RPfgINY