Шымкенттік отбасы National Geographic телеарнасының кейіпкеріне айналды (фото)
Шымкенттік отбасы National Geographic телеарнасының кейіпкеріне айналды (фото)
©https://azattyq-ruhy.kz

Америкалық National Geographic телеарнасының кейіпкеріне айналған шымкенттік отбасы - Созақ ауданы Жартытөбе ауылында тұрады.

[caption id="attachment_155983" align="alignnone" width="1024"]отбасы ©azattyq-ruhy.kz[/caption] Төлегеновтер әулеті - көпбалалы, өнерлі отбасы. Отағасы Абай Төлегенұлы ұлттық өнерді, ұлттық құндылықтарды насихаттап жүретін асаба болса, келіншегі Сафура Отарова балабақша тәрбиешісі. [caption id="attachment_155984" align="alignnone" width="1024"]отбасы ©azattyq-ruhy.kz[/caption] «Америкалық фотограф «Үркер» сыйлығының иесі, отбасылық досымыз Мақсат Шағырбаевтың былтыр біздің ұлттық киіммен түсірген фотосын көріп: «Осы үйге барамын» деп арнайы келіпті. Сол күні үйге Шымкенттен өнердегі достарым қонаққа келетін болып, әзірленіп жатқанбыз. Қызымыз Баян алтыншы сыныпта оқиды, домбырада ойнайды, түрлі күй шерткенді жақсы көреді. Анасы екеуінің фотоларын көрген кезде жүрегі жарылып кете жаздап қуанды», - деді отағасы Абай Төлегенұлы. Жеті бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана ұлттық киімді қонақ келгенде немесе фотоға түскенде ғана емес, күнделікті тұрмыста да үйлестіріп киюге болатынын айтты. [caption id="attachment_155985" align="alignnone" width="1024"]отбасы ©azattyq-ruhy.kz[/caption] «Жарым екеуміз төрт қыз, үш ұл тәрбиелеп отырмыз. Фотомызды көрген кезде Аллаға шүкір дедік. Қазақты қазақ етіп тұрған - осы домбыра, өзімізге тән дәстүріміз бен құндылықтарымыз ғой. Фотоны көргеннен кейін көпшілік: «Ұлттық киімді қонақ үшін арнайы кидіңіздер ма?» деп сұрап жатыр. Қазақы киімді қонақ келген кезде ғана емес, күнделікті тұрмыста да үйлестіріп киюге тырысамыз. Ұлттық киім міндетті түрде сәукеле мен оюлы шапан емес қой. Қазіргі заманға сай сәнді, кең етекті ықшам көйлек, қазақы қажекей, ақ орамал да қазақтыкі ғой. Жаулық тағу әжелерімізден қалған дәстүр», - дейді Сафура Отарова.