Сібірден табылған үңгір арыстаны 43 мың жыл бұрын өмір сүргені анықталды
Сібірден табылған үңгір арыстаны 43 мың жыл бұрын өмір сүргені анықталды
©️Insta: @arcticdalen
326
оқылды
Ал Спарта есімді ұрғашысы 28 мың жыл бұрын өмір сүргені айқын болды. Бұған дейін Якутияда мәңгі тоңда мінсіз сақталған абдандар бір енеден туған деген болжам болған.  Ғалымдардың айтуынша, Спартаның терісі де, тырнағы да, жұмсақ тіндері мен дене мүшелері, тіпті мұрты да қаз-қалпында сақталыпты. 1-2 айлық кезінде мұз болып қатып қалған абдандарды ресейлік және жапондық ғалымдар әбден зерттеп жатыр. Компьютерлік томография, мысалы, Спартаның бас сүйегінің зақымданып, қабырғаларының сынып кеткенін және басқа да сүйектерінің аздап деформацияланғанын көрсетіпті. Демек, осыдан 28 мың жыл бұрын өмір сүрген арыстанның күшігі қапелімде қайтыс болған тәрізді.  [caption id="attachment_155989" align="alignnone" width="1024"]үңгір ©️Insta: @arcticdalen[/caption] Сібірдің солтүстік-шығысынан табылған үңгір арыстандарының қалай және қандай жағдайда мертіккені әзірге белгісіз. Тіпті, мұндағы суық климатқа қалай шыдас беріп, өмір сүргені де жұмбақ күйі қалып отыр. Мұз болып қатып қалған арыстанның күшіктерін жергілікті тұрғындар тауып алған екен. Якутияда мәңгі тоң басқан өңірлерде мамонттың азу тісін іздестіруді кәсіпке айналдырған адамдар өмір сүреді. Мұз басқан жерлерді кезінде жарылғыш затпен аршитын аңшылар кейінгі кезде іздестіру жұмысының тәсілін өзгертіпті. Ғалымдардың өтініші бойынша жануарлардың денесі сияқты олжаны байқаса, қарапайым құралдармен аршып алып, ғылыми институттарға тапсыратын болыпты.  [caption id="attachment_155990" align="alignnone" width="1024"]үңгір ©️reuters[/caption] Ғалымдардың пайымдауынша, кейінгі мұз дәуірінде Сібір жері жан-жануарлар әлеміне бай болған. Сол кезеңде бұл өңірде мамонттармен қоса бизондар, киіктер мен түкті мүйізтұмсықтар өмір сүрген. Сәйкесінше оларға көз тігіп, шабуылдайтын тундра қасқыры, үңгір аюы мен арыстаны сияқты жыртқыш аңдар популяциясы және болған.