1 қазан - Радио қызметкерлері күні болып жарияланды
1 қазан - Радио қызметкерлері күні болып жарияланды
©https://profitworks.com.ua/
252
оқылды

 Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Telegram каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 13 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланған. "Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжануда", - делінген министрліктің хабарламасында. Осы ретте, ведомство Қазақстанда радиохабар тарату 1921 жылдың қазан айында басталғанын айтты.