Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, дауыл болады. Бірқатар өңірде тұман болуы мүмкін, оңтүстік пен батыста - шаңды дауыл. Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Жамбыл облысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Алматы облысында найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Алматыда жаңбыр жауады, күндіз +22,+ 25. Қарағанды облысында найзағай, күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан, Маңғыстау, күндіз Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстанда желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.