Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, дауыл болады. Бірқатар өңірде тұман болуы мүмкін, оңтүстік пен батыста - шаңды дауыл. Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Жамбыл облысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Алматы облысында найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Алматыда жаңбыр жауады, күндіз +22,+ 25. Қарағанды облысында найзағай, күндіз кей жерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан, Маңғыстау, күндіз Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстанда желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.