Қарағанды облысында бүтін бір отбасын пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Қарағанды облысында бүтін бір отбасын пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Фото: yandex.kz
112
оқылды
Қарағанды облысында полицейлер үш адамды өлтірген күдіктіні қолға түсірді. Қаскүнем мұндай әрекетке үй иесімен жанжалдасып қалған соң барғанын мойындаған. 13 тамыз күні сағат 15:40 шамасында Қарағанды облысы, Шет ауданы Ағадыр кентіндегі жеке үйлердің бірінен денелерінде пышақ жарақаттары бар 58 жастағы үй иесі мен оның 59 жастағы жолдасы және 21 жастағы қызының мәйіті табылды.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызмектерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы адамды «ізін суытпай» ұстады. Ол арадағы сөзге келіспеушілік барысында жәбірленушілерге пышақ жарақатын салғанын мойындады», – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.