"Шымбұлақта" ер адам туристі кабинаға кіргізбей, қызметкерге жұдырық жұмсаған
"Шымбұлақта" ер адам туристі кабинаға кіргізбей, қызметкерге жұдырық жұмсаған
126
оқылды
Желіде ер адам "Шымбұлақтағы" арқанжол кабинасына келушіні кіргізбегені түсірілген видео пайда болды. Кейін курорттық аймақ қызметкері туристі кабинаға отырғызуға тырысқанда ер адам оны ұрып жіберген. Желіде зардап шеккен азаматтың арызданбағаны туралы айтылды. Бірақ Алматы полициясы департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың айтуынша, бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне енгізілді.
"Кешенге келген ер адам гондолды жол кабинасына кірер кезде "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының 1984 жылы туған қызметкерін кеуде тұсынан ұрғаны анықталды. Жауап алудан кейін зардап шеккен ер адам арыз жазудан бас тартты. Оның айтуынша бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ және мәселе сол жерде екеуара шешілді", – деді ол.