Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінде ер адам токқа түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінде ер адам токқа түсіп қалды

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адамды ток соқты. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Елордалық полицияның баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 7 тамызда болған.

«2021 жылғы 7 тамызда полицияға Highvill тұрғын үй кешенінде 24 жастағы елордалық тұрғынды ток соққаны туралы хабарлама түсті. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді баспасөз қызметі.
 
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.