Қаладағы әлеуметтік нысандарға рейд жүргізді
Қаладағы әлеуметтік нысандарға рейд жүргізді

Таразды «кедергісіз қала» деп атауға бола ма? Қалада мүм­кін­дігі шектеулі жандар үшін қан­­шалықты жағдай жасалған? Қо­ларбамен жүретін азаматтарға арналған пандустар мә­селесі шешімін тапқан ба? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын алу мақсатында «Nur Otan» пар­тия­сы облыстық, қалалық фи­лиалдарының Партиялық ба­қы­лау комиссиясы мен Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі қоғамдық кеңес мү­ше­лері қаладағы әлеуметтік ны­сандарға рейд жүргізді.

«Кедергісіз келешек» пар­тия­лық жобасы аясында ұйым­дас­тырылған рейд барысында ко­миссия мүшелері №16 орта мек­теп пен №45 гимназиясында, те­міржол бекеті мен ауруха­на­сын­да, облыстық жасөспірімдер кі­тапханасы мен қалалық тұр­ғын үй қатынастары бөлімінде бо­лып, ғимараттардың ерекше қа­жеттілігі бар жандарға қол­же­тім­ділігін зерделеді. Аталған нысандарда арнайы пан­дустар орнатылғанымен, бір­­қатары талапқа сай кел­мей­тіні анықталды. Сондай-ақ кей ме­кемеде мүмкіндігі шектеулі жан­дардың емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасалмағаны бел­гілі болды. Кемшіліктер бойын­ша мекеме басшыларына бір­қатар ұсыныс айтылып, тап­сырма берілді. Кедергісіз орта қалып­тас­тыру бағытындағы бұл мәселе «Nur Otan» партиясының тұрақ­ты бақылауында болады.

А.ЖАСАНҰЛЫ