Азаматтардың өтінішін тыңдады
Азаматтардың өтінішін тыңдады
115
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының қо­ғамдық қабылдау бөлмесі Қостанай облыстық мәс­ли­хатының депутаты Мәди  Ихтиляпов тұрғындарды қа­был­дады.

Бірінші болып Қостанай қа­ласының тұрғыны зейнетақы кар­тасының бұғатталып қалға­нын, соны алып тастау бойынша кө­мек сұрады. Бұл мәселені ше­шу үшін сот орындаушысы ша­қырыл­ды. Қарау қорытындысы бойын­ша бұғаттау алынып тас­тал­ды, өтінім оң шешілді. Екінші болып Қостанай қа­ласынан зейнеткер Семей по­ли­гоны аймағында әскери қызметті өткеруге байланысты жеңілдіктер беру мәселесімен жүгінді. Мәсе­ле­ні шешу үшін Қостанай қаласы бойын­ша Қорғаныс істері жө­нін­дегі басқарма бөлімшесінің бас­тығы және Қостанай қаласының жұ­мыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің қыз­мет­кері шақырылды. Өтініш беру­ші­ге түсініктемелер мен заң кеңес­тері берілді. Мәселені Қостанай қа­ласы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бақылауға алды. Келесі балаларды мектепке дайындау мәселесімен жал­ғыз­бас­­ты, көпбалалы ана жүгінді. Мә­­селе депутаттың жеке бақы­лауы­на алынды, оқу жылы бас­тал­ғанға дейін балаларды кеңсе құрал­дары және мектеп форма­сы­мен қамтамасыз ету мүмкіндігі «Баланы мектепке жинайық!» пар­тиялық акциясы аясында  қара­­латын болады. Осындай өтінішпен Науры­зым ауданының тұрғыны қабыл­дау­ға келді. Ол да  «Баланы мек­теп­ке жинайық!» партиялық ак­ция­сы бойынша көмек сұрады. Өті­ніш иесі сонымен қатар әзер­бай­жан азаматы саналатын жол­дасының құжаттарын рәсімдеуді сұра­ды. Оның мәселесі бақылауға алынып, көмек көрсетілетін бол­ды. Сондай-ақ Наурызым ауда­ны­нан жалға берілетін тұрғын үй беру туралы сұрақпен зейнеткер көмекке жүгінді. Өтініш берушіге ҚР тұрғын үй заңнамасы және Қара­меңді ауылындағы жалға бері­летін тұрғын үй бойынша тү­сі­ніктеме берілді.

А.ЖАСАНҰЛЫ