«Баланы мектепке жинайық!» акциясы басталды

«Баланы мектепке жинайық!» акциясы басталды

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылардың бала­лары­на қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясына жыл сайын «Nur Otan» партиясы да белсене қатысады. Партияның «Ба­ланы мектепке жинайық!» айдарымен өтетін науқанына Ақ­мола облыстық және аумақтық филиалдары белсенді қа­тысып, оқушыларға қажет оқу құралдары мен мектеп фор­масын алып беріп жатыр.

Нақты айтсақ, аталмыш ак­цияға мәслихаттың барлық дең­гейіндегі 210 депутаты қатысып, 9 530 000 теңгеге бірінші сынып­қа баратын 281 оқушыға көмек көр­сетеді. Игі іске депутаттар бел­сене қатысып отыр, сондық­тан халық қалаулылары бұдан да көпбаланы мектепке жинауға көмектеседі деп күтілуде. Білім басқармасының мә­лі­метінше, биыл облыс мектеп­тері­не 130 мыңнан астам оқушы бар­са, 16 мыңнан астам бала ха­­­лықтың әлеуметтік осал са­на­тындағы отбасылардан. Ал бірін­ші сыныпқа баратын оқу­шы­лардың саны 13 мыңнан аса­ды. Айта кетейік, аталмыш ак­ция жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етіл­ген және көпбалалы отбасы­лар­дан шыққан оқушыларға қолдау көр­сету, баланың әлеуметтік се­бептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім ба­ла­ларға, ата-анасының қам­қор­лығынсыз қалған балаларға, көп­балалы, тұрмыс жағдайы тө­мен отбасыларына көмек көр­сету мақсатында жыл сайын ұйым­дастырылады.

А.ЖАСАН