Қазақстан кубогы мен суперкубогы күзде өтеді
Қазақстан кубогы мен суперкубогы күзде өтеді
238
оқылды

Қазақстан волейбол федерациясы республикалық ірі жарыстардың тізімін жариялады.

Қазақстан кубогы мен су­­­пе­ркубок матчы қазан мен қараша айларына жоспарланған. Волей­бол жанкүйерлері аталған күнді асыға күтіп жүр. Өйткені тартыс­ты кездесулерді алаңнан тамаша­лауға мүмкіндік тууы мүмкін. Сондай-ақ әйелдер арасын­дағы кубоктың іріктеу кезеңі 1-8 қазан аралығында, ал ерлер ара­сында 10-17 қазан аралығында өтеді. Әйелдер командалары арасындағы кубок ойындарының финалдық кезеңі 20-28 қазан аралығында, ерлер арасында 6-14 қараша аралығында Өске­мен­де өтеді деп жоспарланған. Ал әйелдер арасындағы супер­кубок Өскемен қаласында 28-30 қазан аралығында, ерлер арасында 14-16 қазан күндері өтеді деп белгіленген. Жарыстың барлығы санитар­лық-эпидемиологиялық талап­тар­ды қатаң сақтаумен ұйымдас­тырылады.

Айбике ЖАНАСЫЛ