«Қараша айында балалар жаппай ауырады» – фейк
«Қараша айында  балалар жаппай ауырады» – фейк
111
оқылды

Telegram қолданушылары биыл қарашада балалар жаппай ауыра бастайды, оған мектептер мен балабақша­ларда азот оксиді мен бериллий шашу себеп болады деген ақпарат таратып жатыр. Осы жайттың әсерінен ата-аналар балаларына вакцина салдыру­ға мәжбүр болады-мыс.

Желіде тараған ақпаратты Санитариялық-эпи­демиология­лық бақылау комитеті жоққа шығарды. «Бұл жалған ақпарат. Қазір мектептерде коронавирусты таратпау бойынша барлық шара қабылданған. 379 540 педагог пен мектеп қызметкерлері вакцина салғызды. Бұл барлық орта білім беру қызметкерлерінің 96 пайызы. Оқушылар арасында коронавирус­тың таралуына жол бермеу бо­йынша шаралар алгоритмі әзір­ленді», – деді комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Мәлімет бойынша, азот оксидін көзге көрінбейтіндей шашу мүмкін емес. Азот оксиді – өткір иісі бар қызыл-қоңыр, кейде қызғылт сары газ. Оны байқамау мүмкін емес. Сондай-ақ  комитет  жалған ақпарат таратушылар Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті. Яғни, бұл бап бойынша 3 мың АЕК мөлшеріне дейінгі айып­пұл салу түріндегі жауапкершілік, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғам­дық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарас­тырылған.

            А.ЖОЛДАС