Қыдырудан қол тимеген аймақта өлім көп

Қыдырудан қол тимеген аймақта өлім көп

Әлем елдерін шарасыз күйге қалдырып, дағдартқан пандемияның өткен жылғы қаралы көші жалғасып жатыр. Еліміздің батыс аймағындағы Атырау өңіріндегі той-думан мен дүниеден өткендерге құран оқыту қаделеріне баруға тоқтам болмай тұр. Мониторинг топтарының да жұмысы баяу болуы өңірдің «қою қызыл аймақта» ұзақ қалуына себеп болды.

Атырауда кейінгі кездері тәу­лігіне 500-ге жуық адамнан коро­навирус анықталып жатыр. Алай­да бастапқы кезде үйлену той­ларына да қорқақтап баратындар бұл күндері мерейлі жастарын атап өтушілердің думанын да қал­дырмайтын болды. Дүниеден өт­кен жандардың қаделеріне бар­мауға «Ұят» себепші болып тұр. Ұятты ойлап, қыдырыстаудың со­ңы жасанды дем алу аппаратына тәуелді болатын жағдайға жет­кіз­ген жайы бар. Атыраудың барлық ауруханасы науқасқа толы. Жан­сақтау бөлімінде 89 адам жатыр. Аймақта қалалық және аудан­дық аппарат әкімдерінің өкімде­рімен 64 мобильді топ құрылып, қазір карантин шараларының сақ­талуына мониторинг жүргі­зіліп жатыр. Облыстық әкімдіктен берілген ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 11 тамыз аралығында 11418 рейдтік тексеріс өткізіліп, 46 796 нысан қамтылған. Облыс бойынша мониторинг топтары­мен 739 құқықбұзушылық бойын­ша материалдар түсті. Оның ішін­де жұмыс барысында – 90 ма­те­риал,мәжбүрлі түрде жет­кізуге – 29, 741-бабпен қысқар­тыл­ғаны – 55, дәлелді материал­дарды алуға полицияға жолдан­ғаны – 57. Мониторинг топтары анықта­ған барлық заңбұзушылық бо­йын­ша шағын және орта бизнес обьектілеріне және жеке тұлға­лар­ға 505 айыппұл салынған. Оның жалпы соммасы – 73 млн 977 мын 829 теңге. Індет жұқтырудың шарықтау шегіне жеткен өңірде тамыз айы­нан бастап мониторинг топтары­ның жұмысы қарқын ала баста­ған­дай болды. Айталық, Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәріге­рінің қаулысына сәйкес карантин шараларын бақылау мақсатында 6-8 тамыз аралығында арнайы мониторинг тобымен 100-ден ас­там адам жиналатын жерлер мен қоғамдық орындар тексе­ріл­ген. Нәтижесінде, карантин тала­бына бағынбаған Royal Hall және «Им­пе­ратор» мейрамханасы, Café inn, Foodline, Ginza, «Аққа­йың» ка­фе­лері, Sky бар, Wine Time, «До­нер­стан», Neft street food және «БР-2» серуендеу кемесі анықталды. Ал 8 тамыз күні қала маңын­дағы Береке ауылында «Атамекен» демалыс базасында той өткені дрон арқылы анықталды. Әуеден түсірілген бейнебақылау кезінде демалыс орнының аумағында көп көліктің тұрғаны байқалды. Тек­серу нәтижесінде, 90-ға жуық қо­­нақтың қатысуымен үйлену тойы өтіп жатқаны тіркелді. Бү­гінде аталған 12 мекемеден түсі­ніктеме алынып, барлық материал қалалық Санитарлық-эпидемио­логиялық бақылау басқармасына жолданған. Дегенмен тұрғындар үшін бұл тойдың таратылуы да сабақ болмады. Тойлар мен қо­нақтық қаделерді өткізу тоқтамай тұр. Ал 9-11 тамыз аралығында ар­найы мониторинг тобы 60-тан астам адам көп жиналатын жерлер мен қоғамдық орындарды тек­серді. Нәтижесінде, «Пивомаг» алкомаркеті маскалық режимді және шектеу уақытын сақтамаса, Box burger griil карантин талап­тарындағы көрсетілген уақыттан жұмыс кестесін асырған. Соны­мен қатар рейд барысында мо­бильді топпен Алмалы ауылдық округінде 50-ден астам адамға отбасылық іс-шара өткізгені анық­талды. Ауылдық округке же­дел жеткен арнайы топ отбасылық іс-шараны тоқтатып, адамдарды таратты. Бүгінде аталған 3 жағдай бойынша түсініктеме алынып, барлық материал қалалық Сани­тарлық-эпидемиологиялық ба­қылау басқармасына жолданды. Бұл – Атырау қалалық әкім­дігінің берген ақпараты. Дегенмен халық көп жиналатын жерлерді дрон арқылы анықтау, халыққа түсіндіру жұмыстарының нәти­жесі өңірдегі жағдайды тұрақтан­дыруға көмектеседі деген үмітіміз ақталып отырған жоқ. Бүгінде Атырау қаласы мен Теңіз кені­шінде індет жұқтырушылар саны артып тұр. Бүгінде Теңіз кені­шіндегі эпиде­миологиялық ахуал бас санитар­дың жаңа қаулысына сәйкес қатаң бақылауға алынған. Қазір Теңіз кенішіндегі инфек­ция­лық стацио­нарда 409 науқас жатыр. Аудан­дардың көш басында Жылыой мен Исатай ауданы тұр­ғаны да ауыл арасында той-жиын­дардың әлі де болса жаппай болуы мониторинг топтары жұмысының қауқарсыз­дығын көрсетіп тұр. Оған үй жағ­дайында ем алушы­лардың саны күрт өскені дәлел. Бүгінде 6 564 адам үйде ем алып жатыр. Мо­бильдік бригада науқас­тардың шақыртуына үлгермей жатыр. Ресми көрсеткіштен соң, қала тұрғындары арасында ерікті түрде өткен сауалнамадан білгеніміздей, үйлену және мерейтойлар қала мен аудандарда, ауыл басында өтіп жатыр. Ауыл тұрғыны Ләззат Тастан­қызы «Ауыл адамдары үшін үй мен ауладағы жазғы сарай «Той сарайы» нысанының орнын жоқтатпай тұр. Атырау шағын аймақ болған соң, барлық адам бір-бірін жақсы тани­ды деп айтуға болады. Сондықтан қазір тойдан аяқ тартып тұрғандар жер үй ау­ласында өтетін тойларға таңғалса, «Ұят болады» дегендер екі сағатқа ғана жарамды маскамен той мен қаделерден қалмай, ауыл арасын кезіп жүр», – деп аурудың асқынуынан қорқатынын ашық айтты. Бұған қосарымыз, әлеуметтік желіде күн сайын «Қыз ұзату», «Сырға салу» қуаныштарынан суреттер мен бейнежазбалар, дү­ние­ден өткен жандардың қаделе­ріне шақыру туралы хабарлан­ды­руға толы. Ал мұны арнайы құрыл­ған мониторинг топтары назарға алып, тоқтатса, бәлкім тәулік са­йынғы жүздеген адамның көрсет­кіші азаяр ма еді?..

ТұрсынЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы