Локдаун енгізілгелі 100 елде ауа сапасы 84% жақсарды
Локдаун енгізілгелі 100 елде ауа сапасы 84% жақсарды
©А.Ахметқазы
132
оқылды
2020 жылы республика бойынша ауа ластайтын заттардың мөлшері 2,4 млн тонна болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7% аз. Мұның алдында ауа ластайтын заттардың мөлшері 2015 жылы ғана 3,4%-ға азайған, – деп хабарлайды Informburo.kz басылымы. 100 мемлекеттегі ауа сапасына зерттеу жүргізетін IQAir мәліметінше, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы ауа 84% тазарған. Алайда 2021 жылы ауаны ластайтын заттар мөлшері күрт өсуі мүмкін. 2019 жылы арнайы тазартқыш құралдар ластаушы заттардың – 93,2%-ын, 2020 жылы 93,1%-ын ауаға жібермей ұстап қалды. Ауаны негізінен келесі заттар ластайды:
  • күкіртті ангидрид – 868,1 мың тонна (жылына −2%);
  • көміртек тотығы – 486,5 мың тонна, (жылына −0,3%);
  • азот тотығы – 311,4 мың тонна, (жылына − 0,8%);
  • қалған әртүрлі заттар үлесі – 775 мың тонна, (жылына −2,6%).
Түріне қарай:
  • газ және сұйық күйінде – 79,5%;
  • қатты заттар – 20,5%.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар ауаға бөлетін қауіпті заттар мөлшері жыл сайын ұлғайып келеді:
  • 2016 жылы – 80,8%;
  • 2019 жылы – 85,8%;
  • 2020 жылы – 86,6%.
Қазақстан өңірлері бойынша ең көп ластанатын:
  • Павлодар облысы – 723 мың тонна;
  • Қарағанды облысы – 627,7 мың тонна;
  • Атырау облысында – 154 мың тонна;
  • Ақтөбе облысында – 135,1 мың тонна;
  • ШҚО-да – 127,2 мың тонна;
  • Қостанай облысы – 123,4 мың тонна.