2020 жылы республика бойынша ауа ластайтын заттардың мөлшері 2,4 млн тонна болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7% аз. Мұның алдында ауа ластайтын заттардың мөлшері 2015 жылы ғана 3,4%-ға азайған, – деп хабарлайды Informburo.kz басылымы. 100 мемлекеттегі ауа сапасына зерттеу жүргізетін IQAir мәліметінше, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы ауа 84% тазарған. Алайда 2021 жылы ауаны ластайтын заттар мөлшері күрт өсуі мүмкін. 2019 жылы арнайы тазартқыш құралдар ластаушы заттардың – 93,2%-ын, 2020 жылы 93,1%-ын ауаға жібермей ұстап қалды. Ауаны негізінен келесі заттар ластайды:
- күкіртті ангидрид – 868,1 мың тонна (жылына −2%);
- көміртек тотығы – 486,5 мың тонна, (жылына −0,3%);
- азот тотығы – 311,4 мың тонна, (жылына − 0,8%);
- қалған әртүрлі заттар үлесі – 775 мың тонна, (жылына −2,6%).
- газ және сұйық күйінде – 79,5%;
- қатты заттар – 20,5%.
- 2016 жылы – 80,8%;
- 2019 жылы – 85,8%;
- 2020 жылы – 86,6%.
- Павлодар облысы – 723 мың тонна;
- Қарағанды облысы – 627,7 мың тонна;
- Атырау облысында – 154 мың тонна;
- Ақтөбе облысында – 135,1 мың тонна;
- ШҚО-да – 127,2 мың тонна;
- Қостанай облысы – 123,4 мың тонна.