Ақтөбеде Toyota Land Cruiser жолдан шығып кетіп, аударылды. Салдарынан жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты 13 тамызда сағат 17.20-да Покровка-Жаңажол тасжолында болды. Ақтөбеден Темір ауданының Кеңқияқ кентіне қарай бағыт алған Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Темір қаласының маңындағы Покровка-Жаңажол жергілікті маңызы бар автожолының 21-шақырымында көлігін басқара алмай, оң жаққа аударылғаны анықталды.