Алматыда бірнеше көлік құлаған ағаш астында қалды

Алматыда бірнеше көлік құлаған ағаш астында қалды

Алматының Медеу ауданында үлкен терек құлап, сегіз көлікті зақымдады. Оқиға 13 тамыз күні Медеу ауданы, Гоголь-Абдуллин көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеоларды әлеуметтік желіге жүктеді.

«13 тамыз күні кешкі сағат 18:35-те «112» пультіне Абдуллин 27 «А» үйінің жанында ағаш құлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 109 құтқару қызметі жіберілді. Белгілі болғанындай үлкен ағаш сегіз көлікті басып қалған. Оқиға орнында 2 техника, «109» құтқару қызметінің 4 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 5 маманы жұмыс істеді», – деп хабарлады департаменттегілер. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.