Алакөлде 8 адамы бар қайық аударылып қалды
Алакөлде 8 адамы бар қайық аударылып қалды
Фото: Видеодан скриншот
157
оқылды
Алакөлге демалуға барған сегіз адам өмірмен қош айтыса жаздады. Олар қайықпен аударылды, – деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті. Кешке, 13 тамыз күні жел көтеріліп, бұршақ жауа бастаған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан демалушылар мінген қайық аударылды. Бұл жағдайды жергілікті тұрғындар дер кезінде көріп, сегіз адамды құтқарып алды. Екеуі бала екені хабарланып отыр. Әйелдердің біріне көмек қажет болды. Медицина қызметкерлері тыныс алу жолдарынан суды шығарып, ауруханаға жеткізді. Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертіп отыр. Ауа райы қолайсыз болса, жағаға оралған жөн.