Ауыл арасындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеп берді
Ауыл арасындағы жаяу жүргіншілер көпірін жөндеп берді
«Халыққа көмек» жобасы аясында      «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалына Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындары Набережная және Оразбеков көшелерінің арасындағы жаяу жүргіншілер көпірі жайлы шағым айтып, шара қабылдауын сұрады. Осыдан кейін аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Тазабекұлы «Қарабұлақ» БПҰ төрағасы Берік Оңалбайұлының қабылдауын ұйымдастырып, Набережная және Оразбеков көшелерінің арасындағы жаяу жүргіншілер көпірін (193 м2) жөндеу мәселесі қолға алынды. Жөндеуге жергілікті бюджеттен 1 133 468 теңге бөлініп, байқау қорытындысы шықты. Қазір көпір жөнделіп, пайдалануға берілді.  width=