Демеушілер ауруханаларға оттегі баллондарын апарып берді
Демеушілер ауруханаларға оттегі баллондарын апарып берді
180
оқылды
«Халыққа  көмек»  жобасы  аясында   «Nur Otan» партиясы Алматы, Қостанай облыстық  және Шымкент қалалық филиалдарына аудандық аурухана басшылары қазіргі ахуал кезінде қала, аудан тұрғындары тарапынан  медициналық көмекке мұқтаждық  артқанын айтты. Мәселен, медициналық құрылғыларға және  оттегі баллондарына. «Nur Otan» партиясы филиалдары тарапынан келген өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, Алакөл ауданының жеке кәсіпкерлері Ерлан Мелісұлы мен Дәулет Смағұлұлы демеушілігімен Алакөл аудандық орталық ауруханасына 5 оттегі концентраторы, ал Қостанай облысы және Шымкент қалалық ауруханасына жергілікті кәсіпкерлер тарапынан оттегі баллондары жеткізілді.  width=Орталық ауруханалар ұжымы және науқастар игі іс атқарған барша азаматқа алғыс білдірді.  width=