Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Атырау облысында 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда өңірдің басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталуда. Батыс Қазақстан облысында 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін өте күшті ыстық болады. Өрт қаупі бар. Алматыда 15-16 тамызда нөсер жаңбыр жауады, 14-16 тамызда найзағай жарқылдайды. 15 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градус ыстық сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз  кей  жерлерде  жылдамдығы  15 - 20 м/с жетеді. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді.