Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды – видео
Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды – видео
Fire Department house demolition burning for fire fighting training
147
оқылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жуырда тұрғын үйлердің бірінде болған өрт себебін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өрт Жетісу ауданы Ақтолқын, 12 мекенжайындағы үйден шықты. Салдарынан 13 отбасы баспанасыз қалды. Олардың жетеуі туыстарына барды, қалған алтауы   (23 адам) уақытша қонақүйге орналастырылды.
"Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оларға тиісті көмек көрсетілді. Керек-жарақ және тамақпен қамтылды. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу жылына дайындауға қолдау жасалып жатыр", - деді қалалық әкімдікте.
Өрт себебін анықтау мәселесі Сағынтаевтың жеке бақылауына алынды. Зардап шеккендерді баспанамен қамту мәселесі өрттің нақты себебі анықталған соң шешіледі. Комиссия шешімі шығады.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттің аумағы - 300 шаршы метр. Екі қабатты үй отқа оранған болатын. 1943 жылы салынған үйден шыққан өрттен 4 адам құтқарылды. 56 жастағы әйел жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіруге жеке құрамның 43 қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.