Мұхаммед Әлидің немересі қарсыласын 70 секундта нокаутқа түсірді
Мұхаммед Әлидің немересі қарсыласын 70 секундта нокаутқа түсірді
Фото: zakon.kz
168
оқылды
Америкалық боксшы Нико Әли Уолш кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде жерлесі Джордан Уиксті нокаутқа жіберді. 21 жастағы Уолш қарсыласын 70 секундта нокаутқа жіберіп, алғашқы кәсіби кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Жекпе-жек АҚШ-тың Оклахлма штатында орналасқан Катос қаласындағы Top Rank ұйымдастырған бокс кешінде болды. Top Rank басшысы Боб Арум атақты Мұхаммед Әлидің немересі Уолштың өнерін жоғары бағалады.
"Ғажап кездесу. Атасы бұл жігітпен мақтана алатын еді", - дейді Арум өз Twitter парақшасында.