Ресейлік отоларинголог, медицина ғылымдарының кандидаты Ксения Карташова COVID-19-дан кейін адамдар неге иісті жақсы сезбей қалатынын түсіндірді, – деп жазады Tengrinews.kz. Дәрігердің сөзінше, SARS-CoV-2 вирусы ағзаға енген кезде, ол тыныс алу және иіс сездіретін нейрондарды қоректендіретін жасушаларға зақым келтіреді. Көмекші жасушалар өлгенде, нейрондар қалыпты жұмысын тоқтатады және иістерді танымай қалады.
"Бір ғылыми теорияға сәйкес, осы жетілмеген нейрондар иістерді бұрмаланған түрде қабылдауға себеп. Олар бізге қате сигналдар жібереді. Мұнда әркімде әртүрлі", – деді Ксения Карташова.Сондай-ақ, дәрігер коронавирусқа шалдыққан науқастардың жаңа клиникалық зерттеулерінің деректерін бөлісті. Олардың кейбіреуінде мидың эмоциялар мен есте сақтау механизмдеріне қатысатын бөлігінде өзгерістер болған.
"Иістерді қабылдаудың бүкіл тізбегі бізде гиппокамптың маңынан өтеді, сондықтан белгілі бір иістер тұрақты эмоционалды есте сақтау қабілетін тудырады. Мысалы, әтірдің хош иісін сезіп, бір адамды еске алуыңыз мүмкін. Сондықтан мидың осы аймағының зақымдануынан иістерді бұрмаланған күйде қабылдауымыз мүмкін", – деді отоларинголог.Дәрігер иіс сезу қабілеті кей адамда бесінші күні, басқасында сегізінші айда оралуы мүмкін екенін айтты.