Жоғалған 15 жастағы бозбала екі күн бойы досының үйінде жатқан
Жоғалған 15 жастағы бозбала екі күн бойы досының үйінде жатқан
©inform.kz
354
оқылды

Өскемен қаласында жоғалып кеткен 15 жастағы бозбала табылды.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамызда полицияға хабарласқан әйел ұлының жоғалып кеткенін жеткізді.

Оның айтуынша, осыдан 2 күн бұрын үйден шығып кеткен баласы сол күйі қайтып оралмаған.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, 15 жастағы бала 4 сағаттың ішінде табылды. Ол 2 күн бойы досының үйінде жатқан», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары баланың не себепті үйден кетіп қалғанын анықтап жатыр.