Жедел жәрдемге қоңырау шалған адамдар автоматты түрде 112 нөміріне қосылуы мүмкін
Жедел жәрдемге қоңырау шалған адамдар автоматты түрде 112 нөміріне қосылуы мүмкін
©https://newsroom.kz/
190
оқылды

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, соңғы кезде 103-ге хабарласатын адамдардан арыз-шағым жиілеп кеткен.

Себебі жедел жәрдемге қоңырау шалу мүмкін емес. Ал нөмірді терген адам белгісіз себептермен автоматты түрде төтенше жағдайлар департаментінің – 112 нөміріне қосылып кетеді. "Осыған байланысты біз тексеріс жүргізіп, жедел жәрдемге хабарласуға кедергі жасайтын бірнеше ақауды анықтадық. Соның біреуі – жедел жәрдемге қоңырау шалған адамдардың төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік 112 нөміріне автоматты түрде қосылуы", – дейді басқарма мамандары. Ал Beeline компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ондай ақаулықтың басты себебі – қытайлық смартфондар. Бүгінде халық арасында кеңінен танымал бірқатар қытайлық смартфондардан жедел жәрдемге (103) ғана емес, полицияға да (102), өрт сөндіру қызметіне (101) де, тіпті, газдың апаттық қызметіне (104) де қоңырау түспейді. Денсаулық сақтау басқармасы ондай ақаулық анықталса, нөмірдің алдында "9" санын теруге кеңес берді. 9103 — жедел жәрдем; 9102 — полиция; 9101 — өрт сөндіру.