Хашими Сайд Абдулхабиб, Ауғанстан азаматы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түлегі
[caption id="attachment_156326" align="aligncenter" > Хашими Сайд Абдулхабиб. Фото жеке архивінен[/caption]– Биыл Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ды инженер мамандығында бітірдім. Ауғанстанға әне-міне қайтамыз, елімізге қызмет етеміз деп жүргенде, елді тәліптер басып алды. Отбасым Газни қаласында тұрады. Оларға қауіп төніп тұр, қазір тәліптердің шабуылынан қорқып, үйде отыр. Бірақ екі күн болды олармен байланыса алмай отырмын. Интернет желі үзіліп, жарық сөніп қалған-ау деймін. Шекара жабық, әуежайларда ұшақ ұшпайды, қызметкерлері, әскери адамдар да қашып кеткен. Тіпті Ауғанстанның президенті де қашып кеткен. Елдегі жағдай тұрақсыз, уақытша үкімет құрылады деп естідік. Бірақ қазір елде нақты не болып жатқаны белгісіз. Біз мына жақта отбасымызды уайымдап отырмыз, бірақ өзіміздің де жағдайымыз мәз болмай тұр.
Қазақстандағы визамыздың мерзімі 15-20 күнде бітеді. Қазақстанда тұрып жатқанымызға 7 жыл болды. Қазақстанның мәдениетін, қазақ, орыс тілдерін жетік білеміз.
Қазақстан үкіметінен бізге осы елде тұру құқығын беруін сұраймыз. Әрине, бүгінге дейін мақсатымыз елімізге қайтып, қызмет ету болды. Бірақ қазір бұл мүмкін емес. Елге оралғанның өзінде біздің өмірімізге де қауіп төніп тұр. Ауғанстанды басып алғанға дейін де, біздің елге оралуымыз қауіпті еді. Себебі олар бізді "шетелде оқып, өз мәдениетін ұмытқан" деп айып тағатын. Оған дәлел былтыр Қарағанды университетін бітіріп, елге оралған ауған азаматы тәліптердің қолынан қаза тапты. 2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген ауған азаматы Ауғанстанға барып, тәліптердің шабуылынан қаза тапты. Сондықтан шетелде оқып келген студенттердің де өміріне аса ауыр қауіп төніп тұр.
Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінен көмек сұраған жоқпыз. Себебі Ауғанстандағы Үкімет тарап кеткендіктен де, бізге көмектесе алмайды.
Қазір ҚазҰУ, ҚазҰТЗУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті және АЭжБУ-дің 30-ға жуық студентінің тізімін жасадық. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өтініш хат жібермекшіміз.
Файсал Гүлзат, Ауғанстан азаматы, ҚазҰУ түлегі
[caption id="attachment_156329" align="aligncenter" > Файсал Гүлзат. Фото: Baribar.kz[/caption]Айта кетейік, “Талибан” қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Өзбекстанға ұшып кетті. Бұл туралы оның жеке күзетшісі хабарлады. Кейін тәліптер Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты екінші рет жиын өткізді. Мемлекет басшысы құзырлы мекемелерге бұл елдегі жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды.– Қазір магистратураға түсуге құжат тапсырып жүрмін. Отбасыммен сағат сайын сөйлесіп отырмын. Қазір жағдайлары тәуір, анам мен інім Кабулдағы үйде отыр. Жұмысқа, қалаға шығуға болмайтынын айтты. Ал әкем Өзбекстанда. Отбасым 3 күн бұрын қажет азық-түлікті сатып алған. Қазір қаладағы дүкендер жабық. Тіпті қалалар да жабық, әуежайда ұшақ ұшпайды. Кабулда интернет істеп тұр.
Оқуға түсе алмасам, Ауғанстанға қайтуым қажет болады. Бірақ ол жақтағы жағдай тұрақсыз болғандықтан уақытша болса да, Қазақстанда қалғым келеді. Сол үшін Қазақстан үкіметінін осы жақта тұру құқығын беруін сұраймын.