Биыл мүгедек және асыраушысынан айырылғандарға 228 миллиард теңге қаражат төленді
Биыл мүгедек және асыраушысынан айырылғандарға 228 миллиард теңге қаражат төленді
©liter.kz
120
оқылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 26,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,5 млрд теңге жұмсалды.

1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны – 526,1 мың, ал  асыраушысынан айырылу бойынша 160,9 мың адамды қамтыды. Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және  қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 556 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 606 теңгені құрады.