Бағдат Мусин Илон Масктың компаниясына ұсыныс жасады
Бағдат Мусин Илон Масктың компаниясына ұсыныс жасады
©inform.kz
120
оқылды

Қазақстанды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бағытында барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды.

«Естеріңізде болса, мен наурыз айының басында спутниктік интернет бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз деген болатынмын. Нәтижесінде, OneWeb жаңа буынды спутник арқылы интернетті тестілеу үшін жерүсті станциясының жабдықтарын монтаждай бастады (бұл Старлинктің баламасы, геостационарлық емес спутниктер). Илон Маск компаниясына да тестілеуге қатысуға ұсыныс жасадық. Біз барынша Қазақстан халқын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатырмыз. Тестілеудің барысы жайлы қосымша хабарлап отырамын», – деп жазды министр.