Мемлекеттік білім гранты иегерлері ЖОО-ға құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыра алады
Мемлекеттік білім гранты иегерлері ЖОО-ға құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыра алады
© inform.kz
105
оқылды
Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс, — деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Ол үшін е.Gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады.
«Жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдану үшін ЖОО-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған», — делінген хабарламада.