Қазақстанда күн қайта ысиды

Қазақстанда күн қайта ысиды

"Қазгидромет" РМК 17-19 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Кең көлемді антициклон жауын-шашынсыз ауа-райы күтілетін Қазақстан аумағына өз ықпалын жалғастырады. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста фронталдық бөліктердің өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанады. Күн жылы болады деп күтілуде, температура күндіз солтүстікте 25...32°С дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25...37°С дейін, орталық пен шығыста 20...31°С-ға дейін көтеріледі. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары келуін жалғастырады: Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Температураның негізгі аясы 32...43°С ыстық болады", — делінген хабарламада.