Сенаторлар Алматыдағы нысандарды тексерді
Сенаторлар Алматыдағы нысандарды тексерді
146
оқылды
146
оқылды

Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп, Динар Нүкетаева және Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әміржан Нәбиевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ПБК төрағасы сенаторларды комиссияның 2021 жылғы 6 айдағы жұмысымен таныстырды. Атап айтқанда, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы қаласы бойынша Партиялық бақылау комиссиясы – 7 отырыс, ал аудандық ПБК 34 отырыс өткізгені баяндалды. 138 ұсыным (50 – ПБК және 88 - аудандық) қабылданды. Оның ішінде 135 (тиісінше 50 және 85) орындалды. Сонымен қатар бүгінгі таңда Комиссия қоғамдағы өткір және резонанс тудыратын мәселелерді қарастыруда. 2021 жылдың 1-жартыжылдығында осындай 17-ден астам сұрақтар мен мәселелер жедел қаралып, шешілді. «Барлық анықталған фактілер бойынша қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында дереу партиялық ден қою шаралары қолданылды, ал ереже бұзушылықтарға, немқұрайдылыққа және жауапсыздыққа жол берген партия мүшелеріне партиялық жазалау шаралары қолданылды», – деді партияның Алматы қалалық филиалының ПБК төрағасы. Депутаттардың сапары салынып жатқан Jer Ana тұрғын үй кешенін инспекциялаумен жалғасты. Jer Ana – бұл қазіргі заманғы он тоғыз қабатты ғимарат, жан-жақты ойластырылған көп деңгейлі қауіпсіздік жүйесі бар қаланың ең бірегей тұрғын үй кешендерінің бірі. Сенаторлар тұрғын үй кешенін аралау барысында компания басшылығына басталған нысанды белгіленген мерзімде аяқтаудың, үлескерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің және әлеуметтік шиеленісті болдырмаудың маңыздылығына ерекше назар аударуды ұсынды. Кездесу барысында сенаторлар «Алма-ата» сауда орталығы мен «A-store» супермаркетіне барды. Аралау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізілді. Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі Алматы қаласы партиялық бақылау комиссиясы мен қала билігінің ерекше бақылауында. Кездесу қорытындысы бойынша сенаторлар комиссия жүргізіп жатқан жұмысқа жоғары баға берді.