Семейде екі көлік соқтығысып, бір жасар бала көз жұмды, – деп хабарлайды Semeynews.kz. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 тамызда сағат 11:00 шамасында “LADA VESTA” көлігінің 67 жастағы жүргізушісі Дастенов көшесінен Жангильдин көшесіне шыға берісте басты жолда жүріп келе жатқан “RENAULT” маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан “LADA VESTA” көлігінің жолаушысы, 2020 жылы дүниеге келген бала алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі және тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.