Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады", – деп жазды ол.Еске сала кетсек, WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады. СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін Ауғанстанның әскери ұшағы Өзбекстанда құлағанын хабарлаған болатынбыз.