Шымкент әуежайына Ауғанстаннан 500 босқын келді деген сөз шықты
Шымкент әуежайына Ауғанстаннан 500 босқын келді деген сөз шықты
© Sputnik / Александр Хроленко
What'sApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады. Алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен. Алайда бұл жалған, — деп жазады stopfake.kz.  width= Ауғанстаннан босқындар келетіні және олар Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.
– Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.