Еуразия ұлттық университеті Сымбат Қанайға қатысты мәлімдеме жасады

Еуразия ұлттық университеті Сымбат Қанайға қатысты мәлімдеме жасады

Еуразия ұлттық университеті Сымбат Қанайдың ЕҰУ студенті екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарады, – деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі мен БАҚ-тағы Сымбат Қанай жайлы ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлайды: Сымбат Қанай Еуразия ұлттық университетінде ешқашан оқыған емес және ЕҰУ студенті болып табылмайды. БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың атынан Сымбат Қанай ҰБТ-ға кіргені туралы ақпарат қызу талқыланып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.